«Атырау облысы Білім беру басқармасының Махамбет ауданы білім бөлімінің «Нұршуақ» бөбекжай-бақшасы» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорынының тарихы

 

Бөбекжай ғимаратының іргетасы 2013 жылы қаланып, «Игілік» бағдарламасы бойынша «Теңізшевройл» ЖШС-і демеушілігімен салынды. Бөбекжай мемлекетіміздің «Балапан» бағдарламасы бойынша қаржыландырылып, 2016 жылдың 18 шілдесінде бөбектерге есігін айқара ашып, Махамбет ауылы халқының бөбекжайға деген сұранысын 100 пайызға қатағаттандырды.

Бөбекжай қуаттылығы 280 орындық 2 қабатты ғимарат, Атырау облысы, Махамбет ауданы, Махамбет ауылы, А.Құнанбаев көшесі №214А мекен жайында орналасқан.

 

2016 жыл 2024 жыл

 

 

Бөбекжайдың алғашқы меңгерушілігіне Сапенова Нурбану Болатовна тағайындалып, алғашқыда 7 топта 123 бала тәрбиеленіп, әдіскер, 14 тәрбиеші, қазақ тілі пәні мұғалімдері, логопед, психолог, дене шынықтыру нұсқаушысы, музыка мамны, барлығы 20 педагог қызметкерлер мен 26 техникалық қызметкерлері жұмысқа алынып, бөбектерді оқыту тәрбие жұмысы талапқа сай ұйымдастырылып, атқарылуда. 2017 жылдың қыркүйек айынан бастап бөбекжай-бақшаның барлық 12 тобына балалар толықтырылып қазіргі таңда 262 бала тәрбиеленіп, 33 педагог, 34 кіші қызметкер жұмыс жасауда.

«Атырау облысы білім беру басқармасының Махамбет ауданы білім бөлімінің «Нұршуак» бөбекжай-бақшасы» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорынының алғашқы меңгерушісі Сапенова Нурбану Болатовна

Сапенова Нурбану Болатовна 31 қазан  1982  жылы дүниеге келген.

 

2005-2010 жылдар аралығында Х.Досмухамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетiн бiтiрiп, «Педагогика және бастауыш оқыту әдістемесі» мамандығын тәмамдаған. Педагогикалық еңбек жолын 2006 жылы балабакша тарбиешici қызметінен бастап, педагог психолог және әдіскер кызметiн атқарды.
12.09.2008-1.09.2009 жылдар аралығында өзі қызмет етіп жүрген «Қызғалдақ» балабақшасының уақытша меңгерушісі қызметін, 4.11.2013 -24.07.2015 жылдар аралығында Махамбет селосының «Шолпан» балабақшасының меңгерушісі қызметінде, 24.07.2015 жылдан бастап жаңадан ашылған «Нұршуақ» бөбекжайының меңгерушісі лауазымына тағайындалды. Меңгеруші лауазымдағы еңбек өтілі 7 жыл. I-шi бiлiктiлiк санатты. Педагогикалық еңбек өтілі- 14 жыл, жалпы еңбек өтілі - 14 жыл.
Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министірінің 2021 жылғы11 қарашадағы № 559 «Мемлекеттік білім беру ұйымдарының бірінші басшыларын ротациялауды жүргізу қағидаларын бекіту туралы» бұйрығына сәйкес «Атырау облысы білім беру басқармасының Махамбет ауданы білім бөлімінің «Алтынай» бөбекжай-бақшасы» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорынының меңгерушісі Неталиева Лариса Қорғанбайқызы


Неталиева Лариса Қорғанбайқызы 04 қазан 1975 жылы дүниеге келген.
Меңгеруші лауазымдағы еңбек өтілі 10 жыл. I-шi бiлiктiлiк санатты. 2023 жылы «Басшы ұйымдастырушы» санатын алды.
Педагогикалық еңбек өтілі- 32 жыл, жалпы еңбек өтілі- 32 жыл.
Атырау облысы білім беру басқармасы «Алғыс хат» 2016 жыл.
Махамбет аудандық білім бөлімі «Үздік балабақша меңгерушісі»-Бас жүлде 2017 жыл. Атырау облысы білім беру басқармасы «Үздік балабақша меңгерушісі» 2 – дәрежелі диплом 2017 жыл. Атырау облысы білім беру басқармасы әдістемелік кабинеті «Алғыс хат» 2017 жыл. Махамбет аудандық әкімдігі «Алғыс хат» 2017жыл. Атырау облысы білім беру басқармасы облыстың білім беру саласын дамытуға қосқан үлесі мен шығармашылық жетістіктері үшін «Алғыс хат». Қазақстан Республикасы білім және ғылым министірлігі «Құрмет грамотасы» Нұр-сұлтан -2020 жыл. Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіптік одағының Атырау облыстық ұйымы қоғамдық бірлестігі «Құрмет грамотасы» 2020 жыл. Қазақстан Республикасы кәсіподақ федератсиясы «еңбек адамының мүддесін қорғау мен кәсіподақ қозғалысын дамытудағы сіңірген еңбегі үшін «Алғыс хат» Астана қаласы -2022жыл.

 Каримова Шынар Гизатуллиевна Махамбет ауданы Таңдай ауылынды 1984 жылы 5 маусым айында дүниеге келді. Білімі жоғары 2020 жылдың 18 мамыр айында Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университетінің «Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу» мамандығы және білім беру бағдарламасы бойынша бакалавры дәрежесі берілді. Еңбек жолын 2015-2023 жылдар аралығында Махамбет ауданы білім бөлімінің «Алтын-Ай» бөбекжай бақшасында тәрбиеші қызметінен бастаған. 2023 жылдан бастап Махамбет ауданы білім бөлімінің «Нұршуақ» бөбекжай бақшасында әдіскер мамандығы бойынша қызмет атқарып келеді. «Алтын-Ай» бөбекжай – бақшасында 2021 жылғы 2 желтоқсандағы № 149 бұйрығымен аттестаттау комиссиясының шешіміне сәйкес «Педагог - модератор» біліктілік санаты берілді. Аудандық және облыстық семинарларға қатысып, Алғыс хат және сертификаттармен марапатталған. Аудандық педагогикалық сайыстарға қатысып жүлделі орындарға ие болған. Республикалық форумға қатысып серификатпен марапатталған. ҚР Оқу-Ағарту министрлігі «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы АҚ «Нәтижелі оқыту-білім берудің тенденциялары» тақырыбындағы республикалық ғылыми-тәжірибелік конференцияға катысып, жинаққа баяндамасы енгізілді және сертификатпен марапатталды. Махамбет аудандық әкімдігінің алғыс хаттарымен марапатталды. Аудандық 2021 жылдың қорытындысы бойынша «Үздік тәрбиеші-2021» атағын иеленді. Республикалық және облыстық газет-журнал беттеріне мақалалары жарық көрді. 2023 жыл «Педагогикалық идеалар фестивалі» конкурсының аудандық кезеңінде жүлделі ІІ-орынды иеленді. 2023 жылы Атырау облыстық Білім беру басқармасының Әдістемелік орталығының Алғыс хатымен марапатталды. 2024 жылы Махамбет аудандық білім бөлімі Алғыс хатымен марапатталды.
 Құмарова Айдана Қуатқызы Атырау қаласында 1993 жылы 10 желтоқсанда дүниеге келді. Білімі жоғары 2016 жылы 21 мамыр айында Х. Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетін Педагогика және психология мамандығы бойынша бакалавры дәрежесі берілді. 2019 Жылдан бастап Махамбет ауданы білім бөлімінің «Нұршуақ» бөбекжай-бақшасында педагог-психолог мамандығы қызметін атқарады. «Нұршуақ» бөбекжай – бақшасының 2023 жылғы 31 тамызындағы № 105 бұйрығымен аттестаттау комиссиясының шешіміне сәйкес «Педагог - модератор» біліктілік санаты берілді. Облыстық және аудандық семинарларға қатысып «Алғыс хатпен» марапатталған. Аудандық педагогикалық оқуларға қатысып І-дәрежелі дипломмен марапатталды. Облыстық кезеңіне қатысып «Құрмет грамотасымен» марапатталды. Аудандық сайыстарға қатысып жүлделі орындармен марапатталды. Облыстық және аудандық семинарларда спикер болып, өз тәжірибесімен бөлісті.
 Камзина Назерке Айбарқызы Білімі жоғары 2015 жылдың 19 маусым айында Х. Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінің «Вокалдық өнер» мамандығы бойынша бакалавры дәрежесі бойынша академиялық дәрежесі берілді. Еңбек жолын 2017 жылы Махамбет ауданы білім бөлімінің «Нұршуақ» бөбекжай-бақшасында музыка маманы қызметін атқарып келеді. 2021 жылы «Педагог-модератор» біліктілік санаты берілді. Аудандық семинарда өз тәжірибесімен бөлісіп, Алғыс хатпен марапатталды. Аудандық сайыстарға хатысып жүлделі орындармен марапатталды. Айгөлек балалар фестиваліне тәрбиеленушілері қатысып, облыстық және аудандық жүлделі орындарымен марапатталды. 
 Бердекеева Наргиза Абуталиповна 1982 жылы 19 ақпанда дүниеге келген. Білімі жоғары: Қарақалпақстан А. Бердах атындағы мемлекеттік университетінің «Мектепке дейінгі дене шынықтыру және спорт» мамандығын 2011 жылы 2 маусым айында берілген. Еңбек жолын 2016 жылдан бастап Махамбет ауданы білім бөлімінің «Нұршуақ» бөбекжай-бақшасында Дене шынықтыру нұсқаушысы қызметін атқарып келеді. 2023 жылы «Педагог-модератор» біліктілік санаты берілді. Облыстық, аудандық мадақтамалармен марапатталған.
 Бимагамбетова Гулнасип Казиевна 1986 жылы 18 сәуір айында дүниеге келді. Білімі жоғары Халел Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетін «Қазақ ілі мен әдебиеті» мамандығы бойынша 2008 жылдың 18 сәуір айында берілді. Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университетінің «Мектепке дейінгі оқыту мен тәрбиелеу» мамандығы бойынша бакалавры дәрежесі берілген. Еңбек жолын 2012-2016 жылдары Шонаев атындағы орта мектепте қазақ тілі пәнінің мұғалімі болып қызмет аткарған. 2016 жылы 1 ақпан айынан бастап Махамбет ауданы білім бөлімінің «Нұршуақ» бөбекжай-бақшасының әдіскері қызметін атқарып келді. Қазіргі уақытта осы мекемеде 2023 жылдан бастап, қазақ тілі пән мұғалімі қызметіне өз еркімен ауыстырылды. 2024 жылы «Педагог-модератор» біліктілік санаты берілді. Аудандық мадақтамалармен марапатталған.
 Еркінова Ақтоты Жолдығалиқызы Атырау обылысы, Махамбет ауданы, Сарытоғай ауылында дүниеге келді.Білімі орта Атырау обылысы Қ. Дүтбаева атындағы коледжінің «Қазақ тілі және әдебиеті» пән мұғалімі дәрежесі берілді. Еңбек жолын 2016-жылы ҚМҚК "Балбөбек"бөбекжайында көмекші тәрбиеші қызметін атқарды, 2019-жылы «Алтын-Ай» бөбекжай бақшасында көмекші тәрбиеші қызметін атқарды. 2020-жылы "Нұршуақ"бөбекжай бақшасында тәрбиеші қызметін атқарды, 2024-жылы педогог санатын алып, «Қазақ тілі» маманы бойынша қызмет атқарып келеді. Аудандық мадақтамалармен марапатталды. 
 Битанова Айзада Қайратқызы Атырау облысы Кулсары каласы1994 жылы 1 ақпан күні дүниеге келді. Білімі жоғары Х.Досмұхамедов атындағы мемлекеттік университетінде Педагог-психолог мамандығы 2016 жылы берілді. Еңбек жолын 2016-2020 жылы аралығында Махамбет ауданы білім бөлімінің «Нұршуақ» бөбекжай-бақшасында Психолог қызметінен бастаған. 2020-2022 жыл аралығында Қ.Жұбанов университетінің Арнайы педагог мамандығын бітіріп қазіргі таңда осы мекемеде Логопед қызметінде жұмыс атқарды. Облыстық, аудандық мадақтамалармен марапатталған.
 Сатаева Асем Калиевна Махамбет ауданы Сарайшық селосында 1988 жылы 10 желтоқсан айында дүниеге келді. Білімі жоғары Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университетінің «Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу» мамандығы және білім беру бағдарламасы бойынша бакалавры берілді. 2017 жылдан бастап Махамбет ауданы білім бөлімінің «Нұршуақ» бөбекжай-бақшасында тәрбиеші қызметін атқарады. 2021 жылы «Педагог-модератор» біліктілік санатын алды. 2024 жылы «Педагог-сарапшы» біліктілік санаты берілді. Облыстық және аудандық сайыстардың жүлдегері, «Мектепке дейінгі ұйымның үздік педагогі» республикалық байқауының аудандық кезеңінде «Бас жүлдемен марапатталды. Атырау облыстық білім беру басқармасының әдістемелік орталығы «Мектепке дейінгі ұйымның үздік педагогі» республикалық байқауының облыстық кезеңінен ІІ-дәрежелі дипломмен және «Креативті педагог» номинациясы бойынша марапатталған. ҚР Оқу-ағарту министрлігі «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» АҚ. «Атырау облысы бойынша кәсіби даму институты филиалы» «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту -үздіксіз білім беру жүйесі» тақырыбындағы облыстық ғылыми-тәжірибелік конференцияда өз тәжірибесімен бөлісіп «Алғыс хатпен» марапатталды. Жинаққа баяндамасы енгізіді. Облыстық және аудандық семинарда спикер болып, тәжірибесімен бөлісіп, алғыс хат және сертификаттармен марапатталды. Тәрбиеленушілеріде облыстық және аудандық байқаулардан жүлделі орындар иеленді. Республикалық және облыстық газет-журнал беттеріне мақалалары жарық көрді.
 Сулейменова Гульнара Алтынбековна Ақмола облысы, Көкшетау қаласында 1980 жылы 20 сәуірде дүниеге келген. Бiлiмi жоғары. Батыс Қазақстан инновациялық- технологиялық университеті «Мектепте дейінгі оқыту және тәрбиелеу» мамандығы және бiлiм беру бағдарламасы бойынша бакалавры дәрежесі берілген. Еңбек жолын Махамбет ауданы «Нұршуақ» бөбекжай-бақшасының көмекші тәрбиеші қызметінен бастаған. 2023 жылдан бастап, осы мекемеде тәрбиеші қызметін атқарып келеді. Бөбекжай ішілік сайыстарға белене қатысып, алғыс хатпен марапатталды.
 Серикова Гульмира Сарсенбаевна Атырау облысы Махамбет тауданы Махамбет селосында 1979 жылы 25 қаңтар айында дүниеге келді. Білімі арнаулы орта Орал гуманитарлық колледж «Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу» мамандығы бойынша білім алған. 2012 жылы Махамбет ауданы білім бөлімінің «Жауқазын» бөбекжай балабақшасына 2012-2018 жылдар аралығында жұмыс атқарған. 2018 жылдан бері «Нұршуақ» бөбекжай-бақшасында тәрбиеші мамандығы бойынша қызмет атқарып келеді. 2023 жылы «Педагог-модератор» біліктілік санатын алды. Облыстық және аудандық семинарда өзінің іс-тәжірибесімен бөлісіп, алғыс хатпен марапатталды. Аудандық мадақтамалармен марапатталған.
  Қаржауова Гүлмира Шамильқызы Атырау облысы, Махамбет ауданы, Махамбет ауылында 1975 жылдың 30 мамыр айында дүниеге келді. Білімі жоғары 1996 жылы Қ. Дүтбаева атындағы Атырау педагогикалық училищесінде «Мектепке дейінгі тәрбие» мамандығы бойынша бітірген. 2020 ж Батыс Қазақстан инновациялық – технологиялық университеті, «Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу» мамандығы және білім беру бағдарламасы бойынша бакалавры дәрежесі берілген.
Еңбек жолын Атырау облысы білім басқармасының, Махамбет ауданы білім бөлімінің «Нұршуақ» бөбекжай бақшасы коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнында тәрбиеші қызметінен бастаған. Қазіргі уақытта Махамбет ауданы білім бөлімінің «Нұршуақ» бөбекжай бақшасында кәсіптік одақ ұйымының мүшесі. «Нұршуақ» бөбекжай – бақшасының 2020 жылғы 31 желтоқсандағы № 105 бұйрығымен аттестаттау комиссиясының шешіміне сәйкес «Педагог - модератор» біліктілік санаты берілді. Аудандық мадақтамалармен марапатталған.
 Конысова Сауле Мутеновна 1984 жылдың 21 қаңтар айында Атырау облысы Махамбет ауданы Еңбекшіл ауылында дүниеге келді. Білімі жоғарғы Х. Досмұхамбетов атындағы Атырау мемлекеттік университеттің «Бастауыш оқыту педагогикасы» бойынша мамандығым бітірген . Алғаш еңбек жолын Еңбекшіл ауылының бастауыш сынып мұғалімі болып еңбек атқарды. 2018 жылдан бастап «Нұршуақ» бөбекжай-бақшасыда тәрбиеші болып еңбек атқарады. 2020 жылы «педагог-модератор» біліктілік санатын алды. «Өрлеу біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» «Мектепке дейінгі ұйым педагогтың жеке және кәсіби дамуы» обылыстық семинарынан сертификат және семинар жинағы кітапша жарық көрді.
 Жағыпарова Орындық Ғайниқызы 1964 жылы 21 қазан айында Махамбет ауданы Сартоғай селосында дүниеге келді. Білімі жоғары 1989 жылы 1 маусымда Гурьев педагогика институтының «Математика және физика пәнінің мұғалімі» деген квалификация берілді. 2016 жылы 15 сәуір айында Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университетінің «Мектепке дейінгі оқыту мен тәрбиелеу» мамандығы бойынша бакалавры дәрежесі берілді. «Атамекен» орталығы (Пионерлер үйінде) үйіре жетекшісі мамандығында 1989-1997 жылдар аралығы қызмет атқарған. Махамбет ауданы білім беру бөлімінің «Қызғалдақ» бөбекжай-бақшасында 2010-2018 жылдар аралығында тәрбиеші қызметін атқарған. 2018 жылдан бастап Махамбет ауданы білім бөлімінің «Нұршуақ» бөбекжай-бақшасында тәрбиеші қызметін атқарып келеді. 2023 жылы «Педагог-модератор» біліктілік санатын алды. Аудандық мадақтамалармен марапатталған. 2025 жылы қараша айынан бастап зинеткерлік жасқа толып, демалысқа шықты.
 Кабдрахманова Шынар Темирбековна 1986 жылы 12 шілде айында Махамбет ауылында дүниеге келді. Білімі жоғары 2015 жылы 20 сәуір айында Х. Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінің «Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу» мамандығы бойынша бакалавры академиялық дәрежесі берілді. Еңбек жолын Махамбет ауданы білімінің «Қызғалдақ» бөбекжай бақшасында тәрбиеші мамандығы бойынша 2013-2016 жылдары жұмыс жасады. 2016 жылдан бастап Махамбет ауданы білім бөлімінің «Нұршуақ» бөбекжай-бақшасында тәрбиеші қызметін атқарып келеді. 2023 жылы «Педагог-модератор» біліктілік санатын алды. Облыстық және аудандық семинарда өз тәжірибесімен бөлісіп, алғыс хатпен марапатталды. Облыстық және аудандық педагогикалық сайыстарға қатысып, жүлделі орындарды иеленді. 
 Дүйсембаева Анаргүл Қармысқызы , Махамбет ауданы, Махамбет селосында 1979 жылы 24 қаңтарда дүниеге келді. Білімі жоғары. Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті "Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу" мамандығы және білім беру бағдарлама бойынша бакалавры дәрежесі берілген. Еңбек жолын 2017 жылдан бастап Махамбет ауданы білім бөлімінің "Нұршуақ" бөбекжай бақшасында тәрбиеші қызметін атқарады. 2023 жылы "Педогог-модератор" біліктілік санатын алды. Аудандық мадақтамалармен марапатталған. 
 Джумабаева Нургуль Кенесовна Атырау қаласында 1973 жылы 27 сәуір күні дүниеге келді. Білімі жоғары Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университетінің «Мектепке дейінгі оқыту мен тәрбиелеу» мамандығы бойынша «бакалавры» дәрежесі берілген. Еңбек жолын 2016 жылдан бастап Махамбет ауданы білім бөлімінің «Нұршуақ» бөбекжай бақшасында тәрбиеші қызметінен бастаған. Аудандық мадақтамалармен марапатталған.
 Зейнова Гүлжамал Сатымбекқызы1978 жылы 15 қыркүйек айында дүниеге келді. Білімі жоғары Батыс Қазақстан инновациялық -технологиялық университетінің Мектепке дейінгі оқыту мен тәрбиелеу мамандығы бойынша бакалавры дәрежесі 2019 жылы 2 шілде айында берілді. 2016 жылдан бастап Махамбет ауданы Білім бөлімінің «Нұршуак» бөбекжай-бақшасында тәрбиеші қызметін атқарып келеді.2023 жылы 31 тамызда «Педагог-модератор» біліктілік санатын алды. Аудандық мадақтамалармен марапатталған.
 Есенгалиева Гульхан Кармысовна 1989 жылы 7 сәуір айында Махамбет ауданы Есбол селосында дүниеге келген. Білімі жоғары Қ Дүтбаева атындағы гуманитарлық колледжінің «Бастауыш сыныптарды оқыту» мамандығы бойынша 2008 жылы аяқтады. Х. Досмұхамедов атындағы Атырау унивесмтетінің «Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу» мамандығы және білім беру бағдарламасы бойынша академиялық дәрежесі 2021 жылы 3 маусым айында берілді. Еңбек жолын 2008-2014 жылдар аралығында Есбол орта мектебінде Шағын орталық тәрбиеші қызметінен бастаған.  2016 жылдан бастап Махамбет ауданы білім бөлімінің «Нұршуақ» бөбекжай-бақшасында тәрбиеші қызметін атқарып келеді. Аудандық мадақтамалармен марапатталған. 
 

Лұқпанова Гүлсім Мырзагерейқызы 1970 жылы 6 қыркүйек айында дүниеге келген. Білімі жоғары Батыс Қазақстан инновациялық -технологиялық университетінің Мектепке дейінгі оқыту мен тәрбиелеу мамандығы бойынша бакалавры дәрежесі 2017 жылы 23 маусым айында берілді. 2016 жылдан бастап Махамбет ауданы Білім бөлімінің «Нұршуак» бөбекжай-бақшасында  тәрбиеші қызметін атқарып келеді. Республикалық және облыстық форумга қатысып, сертификатпен марапатталды. Аудандық мадақтамалармен марапатталған.

 Масалова Гүлназ Гадылбековна жоғары білімді Х. Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінің Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу мамандығы бойынша бакалавры дәрежесі берілді. 2018 жылдан бері Махамбет ауданы білім бөлімінің «Нұршуақ» бөбекжай-бақшасында тәрбиеші қызметін атқарады. 2021 жылы «Педагог-модератор» біліктілік санаты берілді. 2023 жылы «Педагог-сарапшы» біліктілік санаты берілді. Облыстық, қалалық мадақтамалармен марапатталған.
  Жасбулатова Қаракөз Амангелдиевна 1974 жылы 28 ақпан айында дүниеге келген. Білімі жоғары: Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университетінің Мектепке дейінгі оқыту мен тәрбиелеу» мамандығы бойынша бакалавры дәрежесі берілді. Еңбек жолын 2016 жылыдан бері Махамбет ауданы білім бөлімінің «Нұршуақ» бөбекжай-бақшасында тәрбиеші қызметін атқарып келеді. 2020 жылы «Педагог-модератор» біліктілік санаты берілді. Облыстық, қалалық мадақтамалармен марапатталған.
 
Ашимова Жанаргул Тулекбаевна. 1975 жылы 6 қыркүйекте дүниеге келген. Білімі жоғары Батыс Қазақстан инновациялық -технологиялық университетінің Мектепке дейінгі оқыту мен тәрбиелеу мамандығы бойынша бакалавры дәрежесі 2017 жылы 23 маусым айында берілді. Қазіргі уақытта Махамбет ауданы Білім бөлімінің «Нұршуак» бөбекжай-бақшасында тәрбиеші қызметін атқарып келеді. 2021 жылы «Педагог-модератор» біліктілік санаты берілді. Аудандық мадақтамалармен марапатталған.
 Олжағалиева Динара Әлібекқызы 1996жылы 1 тамызда Атырау каласында дуниеге келді. Білімі Арнаулы орта: Қ. Дүтбаева атындағы Атырау гуманитарлық колледжінің «Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту» мамандығы бойынша 2017 жылы 17 маусымда бітірген. Еңбек жолын 2018-2019 ж Атырау каласы Абай орта мектебинде мектепалды сыныбында тәрбиеші қызметін атқарды. Қазіргі уақытта 2019 жылдан бастап Махамбет ауданы Білім бөлімінің «Нұршуак» бөбекжай-бақшасында тәрбиеші қызметін атқарып келеді. 2024 жылы «Педагог-модератор» біліктілік санаты берілді. Аудандық мадақтамалармен марапатталған
 Салиева Ақтолқын Әйіпқалиқызы Атырау облысында 1981 8 маусым айында дүниеге келді. Білімі жоғары Қ. Дүтбаева атындағы гуманитарлық колледжін «Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу» мамандығы бойынша 2010 жылдың 13 мамыр айында аяқтаған. Халел Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетін «Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу мамандығы бойынша бакалавры академиялық дәрежесі 2013 жылдың 4 мамыр айында берілді. Еңбек жолын 2011-2018 жылдар аралығында Махамбет ауданы білім бөлімінің «Қызғалдақ» бөбекжайында тәрбиеші қызметін атқарған. 2018 жылдан бастап Махамбет ауданы білім бөлімінің «Нұршуақ» бөбекжай-бақшасында тәрбиеші қызметін атқарып келеді. 2020 жылы «Педагог-модератор» біліктілік санаты берілді. Облыстық семинарда спикер болып өз тәжірибесімен бөлісіп, алғыс хатпен марапатталған. Аудандық мадақтамалармен марапатталған. 
 Өтешқалиева Ақмарал Орынбасарқызы Атырау облысы, Махамбет ауданы, Ақжайық аулында 1981 жылы 15 сәуір айында дүниеге келді. Білімі: Арнаулы орта. Қ. Дүтпаева атындағы Атырау гуманитарлық колледжінің «Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту» мамандығы бойынша 2014ж-2017 жылы бітіріп шықты. Еңбек жолын 2017 жылы 6 қыркүйікте Махамбет ауданы білім бөлімінің «Нұршуақ» бөбекжайы бақшасында Тәрбиеші қызметін атқарады. 03 маусым 2024жылы «Педагог- модератор» санатын берілді. Аудандық мадақтамалармен марапатталған.
 Бектимирова Гулзада Шныбаевна 1992 жылы 1 қаңтар айында Нукус ауданында дүниеге келді. Білімі арналаулы орта «Орал жоғары гуманитарлық-экономикалық колледжі» мемлекеттік емес мекемесінің «Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту» мамандығы бойынша бітірді. Еңбек жолын 2023 жылыдан бері Махамбет ауданы білім бөлімінің «Нұршуақ» бөбекжай-бақшасында тәрбиеші қызметін атқарып келеді. Облыстық, аудандық семинарға қатысып, алғыс хат және сертификатпен марапатталды. Аудандық мадақтамалармен марапатталған.
 Жұмағамбетова Асылай Хайровна 25.06.1987 жылы Махамбет ауданында өмірге келді. 2016 жылы 20 сәуір айында Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университетінің «Мектепке дейінгі оқыту мен тәрбиелеу» мамандығы бойынша бакалавры дәрежесі берілді. 2011жылы «Қызғалдақ-2» бөбекжайына, тәрбиеші қызметке орналасты. 2018 жылдың қараша айында бөбекжай жабылуына байланысты, 2018 жылы «Нұршуақ» бөбекжайына орналасты. Қазіргі таңда осы мекемеде тәрбиеші қызметін атқарады. Аудандық мадақтамалармен марапатталған.
  Агелеуова Салима Халидоллаевна Білімі арнаулы орта Қ. Дүтбаева атындағы Атырау гуманитарлық колледжінің «Мектепке дейінгі тәрбие және білімі» мамандығы бойынша 2012 жылы 21 мамырда бітіріп шықты. Еңбек жолын 2016 жылыдан бері Махамбет ауданы білім бөлімінің «Нұршуақ» бөбекжай-бақшасында тәрбиеші қызметін атқарып келеді. Аудандық мадақтамармен марапатталды.
 Жұмағалиева Гүлден Батырбекқызы Білімі жоғары Т. К. Жүгінов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының «Хореография» мамандығы бойынша бакалавры академиялық дәрежесі берілді. Аудандық мадақтамармен марапатталды. 2018 жылдан бастап Махамбет ауданы білім бөлімінің «Нұршуақ» бөбекжай-бақшасында хореография қызметін атқарып келеді. Аудандық мадақтамармен марапатталды.
 Ахметжанқызы Гүлжанат Білімі жоғары Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университетінің «Мектепке дейінгі оқыту мен тәрбиелеу» мамандығы бойынша бакалавры дәрежесі 2017 жылы 23 масым айында берілді. Еңбек жолы 2016 жылдан бастап Махамбет ауданы білім бөлімінің «Нұршуақ» бөбекжай-бақшасында тәрбиеші қызметін атқарып келеді. Аудандық мадақтамармен марапатталды.
Бисенгалиева Таттигул Берікқалиевна 31.01.1987жылы Атырау обл Мақат ауданы Қошқар поселкесінде дүниеге келді. 2023жылы Ақтөбе гуманитарлық колледжін аяқтап қазіргі таңда Алихан Бөкейхан атындағы гуманитарлық университетін оқып жатыр. 2024жылы «Нұршуақ» бөбекжай бақшасында тәрбиеші қызметін атқарады. Қазіргі таңда осы мекемеде тәрбиеші қызметін атқарады. Аудандық мадақтамалармен марапатталған.

Бисенгалиева Таттигул Берікқалиевна 31.01.1987жылы Атырау обл Мақат ауданы Қошқар поселкесінде дүниеге келді. 2023жылы Ақтөбе гуманитарлық колледжін аяқтап қазіргі таңда Алихан Бөкейхан атындағы гуманитарлық университетін оқып жатыр. 2024жылы «Нұршуақ» бөбекжай бақшасында тәрбиеші қызметін атқарады. Қазіргі таңда осы мекемеде тәрбиеші қызметін атқарады. Аудандық мадақтамалармен марапатталған.