«Атырау облысы білім беру басқармасының Махамбет ауданы білім бөлімінің «Нұршуак»  бөбекжай-бақшасы» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорынының тарихы

 

 

Бөбекжай ғимаратының іргетасы 2013 жылы қаланып, «Игілік» бағдарламасы бойынша «Теңізшевройл» ЖШС-і демеушілігімен салынды. Бөбекжай мемлекетіміздің «Балапан» бағдарламасы бойынша қаржыландырылып, 2016 жылдың 18 шілдесінде бөбектерге есігін айқара ашып, Махамбет ауылы халқының бөбекжайға деген сұранысын 100 пайызға қатағаттандырды.

Бөбекжай қуаттылығы 280 орындық 2 қабатты ғимарат, Атырау облысы, Махамбет ауданы, Махамбет ауылы, А.Құнанбаев көшесі №214А мекен жайында орналасқан.

Бөбекжайдың алғашқы меңгерушілігіне Сапенова Нурбану Болатовна тағайындалып, алғашқыда 7 топта 123 бала тәрбиеленіп, әдіскер, 14 тәрбиеші,  орыс, қазақ ағылшын тілі пәні мұғалімдері,  логопед, психолог, дене шынықтыру нұсқаушысы, сазгер, барлығы 20 педагог қызметкерлер мен 26 техникалық қызметкерлері жұмысқа алынып, бөбектерді оқыту тәрбие жұмысы  талапқа  сай  ұйымдастырылып, атқарылуда. 2017 жылдың қыркүйек айынан бастап бөбекжай-бақшаның барлық 12 тобына балалар толықтырылып қазіргі таңда 257 бала тәрбиеленіп, 34 педагог, 36 кіші қызметкер жұмыс жасауда.

 

 

«Атырау облысы білім беру басқармасының Махамбет ауданы білім бөлімінің «Нұршуак»  бөбекжай-бақшасы» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорынының меңгерушісі

Сапенова Нурбану Болатовна

 

Сапенова Нурбану Болатовна  31 қазан  1982  жылы дүниеге келген.

2005-2010 жылдар аралығында  Х.Досмухамедов атындағы   Атырау  мемлекеттік университетiн бiтiрiп,  «Педагогика және бастауыш оқыту әдістемесі» мамандығын тәмамдаған. Педагогикалық еңбек жолын 2006  жылы  балабакша  тарбиешici қызметінен бастап, педагог психолог және әдіскер кызметiн атқарды.

12.09.2008-1.09.2009 жылдар аралығында өзі қызмет етіп жүрген «Қызғалдақ» балабақшасының уақытша меңгерушісі қызметін, 4.11.2013 -24.07.2015 жылдар аралығында  Махамбет  селосының  «Шолпан»  балабақшасының меңгерушісі қызметінде, 24.07.2015 жылдан бастап жаңадан ашылған «Нұршуақ» бөбекжайының меңгерушісі лауазымына тағайындалды. Меңгеруші лауазымдағы  еңбек өтілі 7 жыл. I-шi бiлiктiлiк санатты. Педагогикалық еңбек өтілі- 14 жыл, жалпы еңбек өтілі - 14 жыл.              

Отбасылы, 3 бала тәрбиелеуде.

Марапаттары: Аудан әкімінің «Алғыс хаты» 2008 ж.

Аудандық “Үздік менеджер - 2014 ж” сайысында І орын.

Аудандық педагогикалық оқулар І орын 2015ж.

Облыстық педагогикалық оқулар ІІІ орын 2015ж.

Аудандық кәсіподақ кеңесінің «Құрмет грамотасы» 2015ж.

Аудан әкімінің «Алғыс хаты» 2016 ж.

Білім жіне Ғылым министрі «Алғыс хаты» 2019ж.

 

Бөбекжай тынысы

 

Бөбекжай-бақша марапаттары:

«Тіл- ұлт қазынасы» облыстық байқауы 2019 жыл

«Бас жүлде» - Галимова Зере

«Тіл- ұлт қазынасы» облыстық байқауы 2020 жыл

«III- орын» - Қуангерей Ерғанат

«Тіл- ұлт қазынасы» облыстық байқауы 2021 жыл

«II- орын» - Қуангерей Ерғанат

 

Жыл сайынғы облыстық «Айгөлек» өнер фетивалі

2019 жыл  «Орекстр» жанры - «III- орын»

2020 жыл «Би» жанры - «I- орын»

2021 жыл «Сахналық театр» жанры - «II- орын»

 

«Білім жолымен» облыстық олимпиядасы

2020 жыл «Ойлан, тап!» номинациясы -«III- орын» - Қуангерей Ерғанат

2021 жыл «Мен мектепке барамын» «III- орын» - Қуангерей Ерғанат